Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Құмсағат
  • 30 Шілде, 2021

Ольга Рыпакова Токио Олимпиадасында жүлдесіз қалды

Бүгін Токио Олимпиадасы аясында жеңіл атлетика бәсекелері басталды. Қазақстан командасынан бірінші болып үш қарғып секіру спортының өкілдері бақ сынады деп жазады Olympic.kz. 

Олардың қатарында Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова да бар. 

Айта кетелік, жарысқа қатысшуыларға үш мүмкіндік беріледі. Ал финалдық сынға 12 спортшы жолдама алады. Ол үшін 14, 40 метрді бағындыру керек. 

Рыпакова өзінің ең үздік мүмкіндігінде 13,69 метрге секірді. Бұл финалға өту үшін жеткіліксіз. 

Сондай-ақ, іріктеу кезеңінде Мария Овчинникова мен Ирина Эктова да сынға түкен болатын. Олар жарыстың бірінші айналымынан аса алмай, 26-шы және 31-ші орын алды. 

Еске сала кетейік, Ольга Рыпакованың еншісінде Олимпиаданың үш медалі бар. Ол 2012 жылғы Лондон Олимпиадасында чемпион атанса, 2008 жылғы Бейжің ойындарында күміс, 2016 жылғы Рио Олимпиадасында қола медаль жеңіп алған. 

ФОТО: Владислав Семенов, Қазақстан ҰОК

305 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *