Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Шартарап
  • 31 Шілде, 2021

Елена Рыбакина жүлдеден қағылды

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Токио Олимпиадасында жүлдеден қағылды. 

Елена Рыбакина қола медаль үшін матчте украиналық Элина Свитолинаға қарсы ойнады. Есеп - 6:1, 6:7, 4:6.

Еске салайық, бұған дейін 29 шілдеде Рыбакина жартылай финалда швейцариялық Белинда Бенчичпен кездескен болатын. Бірінші сетте қазақстандық теннисші 5:2 есебімен жеңіп жатып, 6:7 есебімен жеңілді. Ал екінші сетте Рыбакина қарсыласынан 6:4 есебімен басым түсті. Бірақ қазақстандық теннисші үшінші сетте қарсыласына 3:6 есебімен жол берді. Матч 2 сағат, 46 минутқа созылды. 

Бүгінде Қазақстан қоржынында үш медаль бар. Дзюдошы Елдос Сметов, ауыратлеттер Игорь Сон мен Зүлфия Чиншанло қола медаль иеленген болатын.

Tengrinews.kz 

297 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *