Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Шартарап
  • 02 Тамыз, 2021

Токиода екі жеңіл атлет жеңімпаз атанды

Биіктікке секіруден ерлер арасындағы сында ерекше жағдай болды.

Токиодағы Олимпиада ойындарында 109 жылдан бері алғаш рет бір сында екі атлет жеңіске жетті. Жеті атлет 2.33 метрді бағындырса, 2.35 метрді бесеуі бағындырған. Яғни жеңіске жету үшін бұдан да биікке секіру керек болды, деп жазады unn.com.ua.

  Бұл тапсырманың үдесінен үш спортшы шыққан: катарлық Мутаз Барш, итальяндық Джанмарко Тамбери мен белорус Максим Недосеков. Олардың үшеуі де 2.37 метрге секірді. Дегенмен Барш пен Тамбери бұл нәтижеге алғашқы мүмкіндіктен-ақ қол жеткізді. Бұған дейінгі нәтижелер де солай болған.

Ал 2.39 метр биіктік үш спортшыға да бағынбады. Тиісінше белорус спортшысына қола медаль бұйырса, қалған екеуінің арасынан өзара жеңімпазды анықтау үшін тағы жарыс өткізу керек болды. Алайда ұйымдастырушылардың бұл ұсынысына спортшылар: «Бәлкім екі алтын беріледі?» деп сұраған.

Техникалық комитет спортшылардың бұл ойын құптады. Осылайша Барш пен Тамбери биіктікке секіруден Олимпиада ойындарының жеңімпазы атанды.

274 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *