Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Шартарап
  • 02 Тамыз, 2021

Никол Пашинян Арменияның премьер-министрі болып тағайындалды

Армения президенті Армен Саркисян Никол Пашинянды елдің премьер-министрі етіп тағайындады, деп хабарлайды  РИА Новости.

Осыған дейін ол үкімет басшысының міндетін атқарушы қызметін атқарды.

Министрлер кабинетінің өзі премьер-министр тағайындалғаннан кейін 15 күн ішінде құрылады. Осыдан кейін, Үкімет басшысы заң шығарушыларға 20 күн ішінде өзінің кабинетінің бағдарламасын ұсынуы керек.

Айта кетейік, 20 маусымда Арменияда кезектен тыс парламенттік сайлау өтті, оған 21 партия мен төрт блок қатысты.

324 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *