Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 02 Тамыз, 2021

Жаппай фотосессия ұйымдастырушысына айыппұл салынды

Алматыда Rixos қонақ үйінің алдында жаппай фотосессия ұйымдастырушысына 30 АЕК көлемінде айыппұл салынды.

Бұған дейін желіде Rixos қонақ үйінің алдында қара костюм киген көп адамның суретке түсіп жатқаны көрсетілген видео тараған еді. «Неліктен олар үшін карантин жоқ?», - деп ренішін білдіреді видео авторы. «Шектеу шараларын бұзған ұйымдастырушы – орталық Синагога. Ол діни іс-шара ұйымдастырған. Бұл ретте ешқандай өтінім болмаған. Аталған мекеменің басшысына қатысты заңға сәйкес 30 АЕК (87 510 теңге) көлемінде әкімшілік ықпал ету шарасы қолданылды», - деп жауап берді қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова. Оның айтуынша, қонақүйдің өзі шектеу шараларын бұзбаған. «Қонақүй ішінде ешқандай шара болмаған. Олар тек сыртында суретке түскен. Бұл бізге ұсынылған материалдарға негізделген. Ал қонақүй басшылығы бұл туралы білмеген», - деп қосты санитар дәрігер.

Қазақпарат

156 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *