Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 02 Тамыз, 2021

ШҚО-да дала өрті жиілеп тұр

Шығыс Қазақстан облысында демалыс күндері 20 рет шөп өртенді.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өткен демалыс күндері Шығыс Қазақстанда 20 рет шөп өртенген. Тілсіз жаудың жалпы ауданы - 309 гектарды құрады. «Бесқарағай, Абай, Үржар, Күршім, Аягөз және Көкпекті аудандарында дала өртенген. Қызыл жалынды ауыздықтауға өрт сөндірушілер, орманшылар, жергілікті атқарушы орган өкілдері және шаруа қожалықтарының жұмысшылары қатысты», - деп хабарлады ведомство өкілдері. Бүгінде өңір өрт сөндірушілері күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Аймақтағы құрғақ, ыстық ауа райы жағдайды қиындатып тұр. Құтқарушылар күн сайын 10-15 рет тұтанған шөпті сөндіруге шығады.

 

125 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *