Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 03 Тамыз, 2021

Шымкент қалалық жұмыспен қамту басқармасының басшысы тағайындалды

Шымкент қаласы әкімінің өкімімен қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы болып Балмаржан Полатқызы Нарбекова тағайындалды.

Балмаржан Полатқызы 1988 жылы дүние келген. М.Әуезов атындағы ОҚМУ-ды құқықтану және экономика мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолы Шымкент қаласындағы «Жастар орталығы» МКҚК директордың орынбасары болудан басталған.

Кейіннен Шымкент қаласының жұмыспен қамту орталығының бөлім бастығы, Абай ауданы «Нұр Отан» партиясы филиалы төрағасының бірінші орынбасары, Қаратау ауданы әкімінің орынбасары, ОҚО жастар саясаты мәселелер жөніндегі басқармасының басшысы, Түркістан облысының отбасы, балалар және жастар істері басқармасының басшысы қызметтерін атқарған.

2019 жылдан бүгінгі күнге дейін Шымкент қаласының білім басқармасы басшысының орынбасары болып жұмыс жасаған.

279 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *