Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Шартарап
  • 03 Тамыз, 2021

Түркияда Бодрум орманы өртеніп жатыр

Түркияның Бодрум демалыс аймағындағы орман 6 күннен бері өртеніп жатыр.

Курорт аспанын қалың қызғылт-сары түтін басып қалған. Өрт сөндірушілердің қарекеті әзірге нәтиже бермей тұр. Елдің Ауыл және орман шаруашылығы министрлігінің мәліметі бойынша 7 белсенді от ошағы тіркелген.

Өртті сөндіруге 40 градустық аптап ыстық пен күшті жел кедергі келтіруде. Мармарис курортындағы жағдай да мәз емес. Өрт салдарынан ағаштар мен өсімдіктер жойылған үйлер мен ғимараттар қираған. Жергілікті тұрғындар шелекпен су тасып, құтқарушыларға көмектесіп әлек.

Қазіргі сәтке дейін 100 мың гектар орман алқабы отқа оранған, сарапшылар өрт зардабы бұдан зор болуы мүмкін екенін ескертуде.

8 адам қаза тауып, жүздеген кісі қауіпсіз жерге көшірілген.

352 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *