Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Безбен
  • 03 Тамыз, 2021

30 жастағы алматылық аса ірі көлемдегі есірткімен ұсталды

30 жастағы Алматы тұрғыны аса ірі көлемдегі есірткі сақтағаны үшін ұсталды, деп хабарлайды қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

«Мамыр» ықшам ауданындағы ұсталған азаматтың пәтерін тінту кезінде өзіне тән иісі бар жасыл түсті ұнтақ салынған 74 полиэтилен түйіншек табылды. Сот-химиялық сараптама ның анықтауынша ұнтақ – салмағы 340,1 грамм болатын гашиш есірткісі. Күдікті кінәсін мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамалды», – деп атап өтті Алматы қаласының ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Ерлан Әлмағамбетов.

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 297-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалы жүргізіліп жатыр. Бұл бапта үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

 Ведомствода мәліметінше, қара нарықтағы гашиштің 5 грамының бағасы 3 000 теңге. Қазір тергеу амалдары оның тауарды қайдан және қалай алғанын анықтап жатыр.

442 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз