Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Безбен
  • 03 Тамыз, 2021

Армиялық халықаралық ойындар – бұл жай ғана жарыс емес

Қорғаныс министрлігінде болып өткен кезекті аппараттық кеңесте бейбіт уақытта халықтың өмірі мен денсаулығын қорғау, төтенше жағдайларды жоюға  қолдау көрсету үшін қолданылуы мүмкін күштер мен құралдарды жетілдіру бойынша міндеттер қойылды.

Кеңес барысында бөлімшелерді үйлестірудің аяқталғаны, роталық тактикалық топтар оқу-жаттығуларының нәтижелері, сондай-ақ алдағы уақытта взводтарды даярлау туралы баяндалды.

Қазақстан командаларының Армиялық халықаралық ойындарға дайындығы мәселесі де қаралды. Қазіргі уақытта қатысушыларды конкурстар өткізілетін орындарға жіберер алдындағы қорытынды кезең өткізілуде.

Армиялық халықаралық ойындар – бұл жай ғана жарыс емес, сайыс нысанында өткізілетін жауынгерлік оқу-жаттығу түрі.  Даярлық барысында жауынгерлер өзінің кәсіби шеберлігін барынша шыңдай отырып, оның нәтижесін конкурстарда көрнекі түрде көрсетеді. Бұл ретте әскери қызметшілер әскери өнердің қыр-сырын бейтаныс полигондарда, үйреншікті емес табиғи-климаттық, барынша қарқынды әрі күрделі эмоциялық-психологиялық жағдайда іс жүзінде көрсетеді.

Практикалық жаттығулардың нәтижелері бойынша бүгінгі күні әскери қызметшілер «АрХО» конкурстарының жаттығуларын орындау кезінде жоғарғы нәтижеге қол жеткізуде. Осыған қарамастан, Қорғаныс министрі басқалар үшін «эталон» болып табылатын барынша үздік нәтижеге қол жеткізу міндетін қойды.

Конец формы

– Ұрыста сенімді іс-қимыл ету үшін жарыстардағы шиеленісті, кейде экстремалды жағдайларда сенімді әрекет жасай білу керек, - деп атап өтті генерал-лейтенант Нұрлан Ермекбаев.

Сонымен қатар, әскери оқу орындарына курсанттар мен тыңдаушыларды қабылдау шеңберінде қабылдау комиссияларының жұмысы туралы баяндалды. Биылғы жылы мектептердегі оқытудың онлайн-режиміне қарамастан, әскери институттарға оқуға түсуде бәсекелестік айтарлықтай жоғары болып отыр.

Одан басқа, әскери оқу орындарында барлық оқу әдебиеттерін мемлекеттік тілге аудару бойынша бірлескен жұмыс ұйымдастырылды. Қазіргі оқыту кезінде, атап айтар болсақ, әскери-техникалық мамандықтар бойынша білім беруде оқу әдебиетінің 80%-тен астамы мемлекеттік тілде қолданылатыны атап өтілді. Қорғаныс ведомствосының басшысы әскери оқу орындарында мемлекеттік тілді қолдану аясының кеңейе түсуінің оң және заңды үрдіс екенін айтып өтті. Сонымен қатар, Қорғаныс министрі: «Біз әскери кадрларды даярлау кезінде болашақ офицерлердің мемлекеттік, орыс тілдерін меңгеруі үшін жағдай жасай отырып, оларды екітілділікке бағдарлауға тиіспіз. Кейбір әскери қызметшілер шет тілдерін білуі қажет», – деп еске салды.

Армия соғыс уақытында ғана емес, сондай-ақ бейбіт уақытта да халықтың өмірі мен денсаулығын сақтау, төтенше жағдайларды жоюды қолдау үшін қолдануы мүмкін күштер мен құралдарды өрістету мәселесіне жеке тоқталды.

Пандемия кезеңінде «қос мақсаттағы компоненттердің» өте қажет екені іс жүзінде дәлелденді. Әлемде орын алған соңғы оқиғалар – өрт шығу, су басу, табиғи зілзала аясында олардың өзекті болып табылатыны расталды.

          Мамандандырылған әскери-далалық, оның ішінде инфекциялық бейіндегі медициналық мекемелердің мүмкіндігін кеңейту тапсырылды.

Өрт сөндіруге арналған мүмкіндіктерді жетілдіріп, оларды көбейтуге тапсырмалар берілді.

Әскери-теңіз күштері ұдайы жүзу құралдарын, сонымен қатар радиолокациялық жабдықты тартумен іздеу-құтқару жұмысына қатысуды іс жүзінде пысықтауға тиіс.

Сонымен қатар, броньды танк техникасын қысқы уақытта қар тазалау жұмысында қолдану және ол үшін жөндеумен айналысатын әскери бөлімдер, цехтар, бөлімшелер күштерімен арнайы жабдық жасау мәселесін пысықтауға нұсқау берілді.

         - Армия әрқашан кез келген қиындықты еңсеруге, кез келген міндетті орындауға қабілетті болуға тиіс, – деді Қорғаныс министрі

492 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз