Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 04 Тамыз, 2021

Бейнеуде медицина қызметкерлерінің 100 пайызы вакцина алған

Бейнеу ауданында медицина қызметкерлерінің 100 пайызы вакцина алған. Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингіде Бейнеу ауданының әкімі Бейнеубек Әбілов мәлім етті.

Оның айтуынша, ауданда 10 егу пункті жұмыс істейді. Оның ішінде 3 жылжымалы егу пункті бар.

«Бейнеу ауданы облыс орталығынан шалғай орналасқандықтан, аудандағы вакцинация жұмыстары 1 ай кешігіп басталды. Алғашында екпені тасымалдау мәселесі туындады. Мәселен, тоңазытқыш жетіспеушілігі болды. Осылайша Бейнеуде екпе егу жұмыстары 26 наурыз күні басталды. Вакцинаның І компонентін 7445 тұрғын алса, ІІ компонентпен 4656 адам егілді. Қазір Бейнеу ауылында 4, Сарға ауылында 1, Ақжігіт ауылында 1 және Боранқұл ауылында 1 егу пункттері жұмыс істеп тұр», - деді Бейнеубек Әбілов.

Айта кетейік, Бейнеу ауданында медицина қызметкерлерінің 100 пайызы (ауданда 600 медицина қызметкері бар, барлығы егілді), білім беру саласы қызметкерлерінің 60 пайызы, мемлекеттік қызметкерлердің 92 пайызы егілді (ауданда 300 мемлекеттік қызметкер бар, оның 277-і екпе алған).

1161 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз