Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Құмсағат
  • 04 Тамыз, 2021

Екі түрлі аяқ киіммен жүгіріп, алтын алды

Бұл Джим Торп атты америкалық спортсмен. Суретке екітүрлі шұлық, екі түрлі аяқ киім киіп түскен. Бұл моданың бір түрі емес еді.

1912 жылы жазғы Олимпиадаға Оклахомадан келген американдық индеец Джим АҚШ-тың атынан жеңіл атлетикадан жарысқа қатысты.

Қызық болғанда, таңертең дәл жарыс алдында оның аяқ киімі ұшты -күйлі жоғалған. Біреу ұрлап кеткен.

Джим енді қарап отырмай, тез әрекеттеніп қоқыс жәшігінен екі түрлі аяқ киім тапты.

Қырсық шалғанда біреуінің размері тым үлкен болып шықты. Сосын амалдап, қабаттастырып екі шұлық кию керек болды.

Осы аяқ киіммен өнер көрсеткен Джим екі алтын медаль жеңіп алды.

П-сы: Өмір кейде әділетсіз болатыны қорқынышты емес. Ең бастысы дер кезінде ақылға салып, тығырықтан шығып үлгеретін тәуекеліңіз берік болсын.

Раушан Амантегінің фейсбук парақшаасынан

 

 

 

1161 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз