Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 04 Тамыз, 2021

Алматы әуежайында жалған ПТР анықтамасымен 8 адам ұсталды

Алматы әуежайында коронавирусқа қарсы ПТР-тестінің жалған анықтамасын қолданған 8 тұрғын ұсталды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

«30 шілдеде Алматы қаласының халықаралық әуежайында көлік полицейлері нысан қызметкерлерімен бірге коронавирус жұқтырмағаны туралы жалған ПТР анықтамасы бар 8 тұрғынды ұстады», — деді көліктегі полиция департаменті бастығының орынбасары Сарықұл Жоланов.

Оның айтуынша, ұсталғандардың барлығы Алматы қаласындағы жеке фирмалардың бірінің қызметкерлері.

«Жұмыс орны оларға Дубай қаласына саяхат жолдамасын берген. Құқық бұзушылар ПТР анықтаманы интернет арқылы сатып алғандарын айтқан. Қазір аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 385-бабының 3-бөлігі (жалған құжатты пайдалану) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», — деп түйіндеді полиция полковнигі.

Министрлік мәліметінше, бұл Алматы қаласының әуежайында тіркелген 11-інші оқиға.

449 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз