Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Безбен
  • 05 Тамыз, 2021

ҮЕҰ үшін тренерлер дайындалады

ҮЕҰ академиясы ТОТ «Тренерлерге арналған – Тренинг» білім беру бағдарламасына өтінімдерді 2021 жылдың 15 тамызына дейін қабылдауды бастады.

Бағдарламаға жаңа білім алу үшін тренерлер де, ҮЕҰ өкілдерін оқытудың жеке бағдарламасын әзірлеу үшін үкіметтік емес ұйымдардың қызметкерлері де қатыса алады. Оқытудан өткен барлық қатысушыларға сертификат беріледі.

Бағдарламаның тренерлері мен менторлары Лина Стрыгина, Регина Лариошина, Мадина Билялова сияқты 25 жылдан астам оқыту тәжірибесі бар сертификатталған тренерлер мен ментор-коучтар болады.

Оқыту бағдарламасы 16 тамызда басталып, 13 қыркүйекте аяқталады. Қатысушылар заманауи білім беру жүйелерін, білім берудегі цифрлық технологияларды трансформациялау саласында білім алады, тренинг құрылымын, оның түрлері мен бағыттарын, білім беру процесінің дизайнын және тренингтегі топтық динамикамен жұмысты және тағы басқаларды зерттейді. Оқыту бағдарламасын аяқтағаннан кейін, қатысушыларды бір ай бойы менторлар қолдайтын болады.

Қатысу шарттары: қатысушының ҮЕҰ секторында маркетинг, фандрайзинг, жобалар менеджменті, әлеуметтік жобалау, әлеуметтік кәсіпкерлік, есеп жазу, ұйым қызметін жоспарлау, волонтерлермен жұмыс, бизнес-жоспарлар/бизнес-модельдер жасау, стратегиялық ойлау, тиімді басқару дағдылары, дизайн-ойлау (креативті ойлау) сияқты салаларда кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесі болу керек. Өзінің парақшасына ұзақтығы 1 минуттан аспайтын бейнежазбаны жариялау қажет, онда үміткер өзі туралы (аты-жөні, жұмыс орны), бағдарламаға қатысу мақсаты туралы, ҮЕҰ-ны оқыту үшін қандай бағдарлама өткізуді жоспарлап отырғаны, тренингтер өткізу тілі, бағдарламаға қатысудың мақсатын көрсетіп, @academy_npo парақшасын белгілеп, өзінің аккаунтын ашу керек.

Сонымен қатар, өзінің жақсы сападағы фотосы мен қысқаша түйіндемесін (А4 жарты беті, ҮЕҰ секторындағы жұмыс тәжірибесі, байланыс деректері, әлеуметтік желілердегі бейне-визиткаға сілтеме) vigovskaya@kazmediation.kz электрондық поштасына жолдау қажет.

Бағдарлама туралы барлық сұрақтар бойынша жоба жетекшісі Ирина Виговскаяға +7 701 356 35 62 нөмірі бойынша хабарласуға болады.

 

618 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз