Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 05 Тамыз, 2021

Атырауда автобустарға Ashyq енгізілді

Атырауда қоғамдық көліктерде жолаушыларды Ashyq арқылы тексере бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Жолаушылар Ashyq-та смартфон мен қосымша көмегімен тексеріледі, бірақ қолында телефоны жоқ адамдар да автобустарға жіберіліп жатыр. Тұрғындар егер тексерілмеген адамдар да автобусқа жіберіліп жатса неліктен тексеріс жүргізіліп жатыр деген ойда.

"Қоғамдық көлікке жолаушыларды отырғызу Ashyq қосымшасында QR-кодты сканерлеу арқылы жүргізіледі. Смартфоны мен Ashyq қосымшасы жоқ жолаушылар да автобусқа жіберіледі. Бұл жоба халықтың коронавирус инфекциясын жұқтыру қаупін анықтау үшін қосымша шара ретінде енгізілді. Өйткені, қоғамдық көлік адамдардың көп жиналатын орындарының бірі", - деді қалалық әкімдіктің баспасөз хатшысы Нұрислам Ғұмар.

Алайда көп адам мұндай шараны тиімсіз деп отыр. Себебі, өз жағдайына күмәнмен қарайтындар бұлай тексеруден өтпеуі де мүмкін.

1039 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз