- Qazaq gazetteri TV
- 27 Тамыз, 2021
Жамбыл облысындағы жарылыстың шындығы

Дереккөз:
«Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімдегі жарылыс салдарынан соңғы мәліметтер бойынша 9 адам қаза тапты. Оның ішінде ҚР ТЖМ, әскери бөлімнің, әскерилендірілген күзет пен әскери прокуратура қызметкерлері бар. Қаза болғандардың жеке басы анықталып жатыр. Табылмай жатқан 2 адам туралы деректер анықталуда. Бұл туралы Жедел штаб мәлімдеді», - деп жазылған министрліктің баспасөз қызметі таратқан мәліметте.
Айта кетейік, 26 тамыз күні сағат 19:00-де Жамбыл облысының Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлім қоймаларының бірінен өрт шығып, жарылыс болды.

38662 рет
көрсетілді0
пікір