Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Инфографика
  • 03 Қыркүйек, 2021

ЕАЭО экспорты 24,6 пайызға өскен

Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) мүше мемлекеттердің ЕАЭО-дан тыс елдермен сыртқы сауда айналымы 2021 жылдың қаңтар-маусымында 371,1 млрд долларды құраған, оның ішінде тауарлар экспорты – 223,6 млрд доллар, ал импорт – 147,5 млрд доллар. Бұл туралы «Еуразиялық экономикалық одақтың ЕАЭО-дан тыс елдермен тауарлардың сыртқы саудасы туралы» шолуында жан-жақты сараланған.

2020 жылдың қаңтар – маусымымен салыстырғанда сыртқы сауда айналымының ауқымы 24,5%-ға немесе 73,1 миллиард долларға, экспорт – 24,6%-ға (44,1 млрд долларға), импорт – 24,5%-ға (29 млрд долларға) артқан. Сыртқы сауда профициты 2020 жылғы қаңтар – маусымдағы 61 млрд долларға қарағанда ұлғайып, 76,1 млрд долларды құраған (кесте).

«Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің ЕАЭО-дан тысқары елдерге экспортының құны тұрғысынан 2020 жылдың қаңтар – маусымымен салыстырғандағы (24,6%-ға) ауқымы экспортталған тауар­лардың орташа бағаларының өсуімен (28,7%-ға) айқындалып отыр. Өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда тауарлар жеткізілімінің нақты көлемі 3,2%-ға қысқарған. Импорттық сатып алулардың құндық көлемі 24,5%-ға артқан, олардың нақты көлемі 17,3%-ға, орташа бағалар 6,1%-ға өскен. Тауар жиынының ұлғаюын құндық көрсеткіштің 75% өсуі, орташа бағалардың өсімі – 25% құрағаны айқындап отыр», – деп атап көрсетеді шолудың авторлары.

ЕАЭО-дан тыс елдермен сау­да жасаудың баға жағдайлары экспортқа шығарылатын тауарлар мен импорт бойынша сатып алынатын тауарлардың (баға шарттарының индексі – 121,3%) ара-қатынасы жайлы болуымен ерекшеленеді. ЕАЭО-дан тысқары елдерде тауарларға сыртқы сұраныс ЕАЭО-да өндірілген тауарларға (жалпы шарттар индексі – 82,5%) ЕАЭО-ға мүше-мемлекеттердің жалпы сұранысынан асып түседі.

ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің 2020 жылдың жарты жылдығымен салыстырғанда ағымдағы жылдың қаңтар – маусымындағы ЕАЭО-дан тысқары елдерге экспор­ты ауқымының өсуі Беларусь­тің (53,2%-ға), Ресей (27,8%-ға) мен Арменияның (19,2%-ға) экспорттық жеткізілімдері артуына негізделіп отыр. Импорттың артуы Қырғызстанға – 62,8%-ға, Ресейге – 28,3%-ға, Беларуське – 11,1%-ға және Арменияға – 7,6%-ға тауарлар әкелінуі есебінен өскен.

2020 жылдың қаңтар-маусы­мымен салыстырғанда ЕАЭО-дан тысқары елдермен сыртқы саудадағы оңды сальдо Ресей бой­ынша 49,3 млрд доллардан 62,5 млрд долларға дейін артқан, Қазақ­стан бойынша бұрынғыша – 13,2 млрд доллар деңгейінде қалып отыр. Арменияның ЕАЭО-дан тысқары елдермен сыртқы саудадағы теріс сальдо 414,9 млн-нан 348,5 млн долларға дейін азайған, ал Қырғызстанда – 44,2 млн доллардан 771,5 млн долларға дейін артқан. Беларусь бойынша 2020 жылдың қаңтар – маусымына көлемі 1 064,2 доллар сыртқы сауда дефициті (тапшылығы) 2021 жылдың қаңтар-маусымына 1 517,4 млн доллар профицитпен (пайдамен) қорытындыланған.

ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер экспорттайтын тауарлардың негізгі сатып алушылары Еуропалық Одақ – 42% (2020 жылдың қаңтар–маусымында – 40%). Еуроодақ елдері арасында тауарлардың мейлінше айтарлықтай жеткізі­лімі Нидерландқа – 9,7% (2020 жылдың қаңтар-маусымында – 8,6%), Германияға – 6,2% (5,2%), Италияға – 4,5% (5%), Польшаға – 3,4% (3%) орын алған екен. АТЭЫҰ-ға (Азия-Тынық мұхиттық экономика­лық ынтымақтастық ұйымы) бар­лық экспортталған тауарлардың 29,4%-ы (2020 жылдың қаңтар-маусымында – 30,5%) жеткізіл­ген, оның ішінде Қытайға – 16% (16,4%), АҚШ-қа – 3,8% (3,3%), Оңтүстік Кореяға – 3,7% (3,9%) жө­нелтіліпті. Экспорттың 5,5%-ы ТМД елдерінің еншісінде (2020 жылдың қаңтар-маусымында – 5,9%) (инфографика).

Импорттық жеткізілімдер АТЭЫҰ елдерінде – 46,8% (2020 жылдың қаңтар-маусымына – 45,6%) және Еуропалық одақта шоғырланған – 34,6% (35,1%). АТЭЫҰ елдері ішіндегі неғұр­лым қомақтырақ ауқым Қытай еншісінде – 25,6% (2020 ж. алты айда – 24,8%), АҚШ-та – 6,3% (6,6%), Оңтүстік Кореяда – 5,1% (4,3%), Жапонияда – 3,1% (3,3%). Еуропалық одақ елдері арасында ЕАЭО-ға импортта көш бастағандар Германия – 10% (2020 жылдың қаңтар-маусымында – 10,2%), Италия – 4,4% (4,4%), Франция – 4,2% (3,7%). ТМД елде­рінің импорттағы үлесі 3,7% (2020 жылдың қаңтар-маусымында – 4,1% болған екен).

ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің негізгі үлесі аралық тауарлар (82,4%) да, соның ішінде экс­порттың жалпы көлемінің 53,7%-ын энергетикалық тауарлар құ­раса, басқа да аралық тауарларға – 28,7% көлемі бұйрыпты.

2021 жылдың қаңтар-маусы­мында сыртқы саудадағы экс­порттың ұлғаюы басқа да ара­лық тауарлар жеткізілімінің 21,2%-ға, инвестициялық тауар­лардың – 49,4%-ға және тұтыну тауар­ларының 21,3%-ға өсуіне байланысты мүмкін болған.

ЕАЭО-ға одан тыс елдерден импортта тұтыну (импорт жалпы көлемінің 28,8%-ы) мен инвестициялық (28,6%) тауарлар басымырақ екен. Аралық тауарлар үлесі 16,8%-ды құраған. ЕАЭО-ға 2021 жылдың қаңтар-маусымында ЕАЭО-дан тысқары елдерден 2020 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғандағы импорттың өсуі азық-түліктік емес тауарлардың – 36,7% және аралық тауарлардың – 17,7%-ға артуы салдарынан орын алған.

Иса ҚАМБАР

2198 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз