Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 06 Қыркүйек, 2021

Қазақстан мен Түркия арасында рейстер көбейеді

31 тамызда Қазақстан мен Түркия арасындағы рейстерді ұлғайту мәселесі шығарылды. Бұл туралы индустрия және инфақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«2021 жылдың қыркүйек айының ортасынан бастап Air Astana және Turkish Airlines әуе компаниялары (Air Astana — 17 қыркүйектен, Turkish Airlines — 25 қыркүйектен) Алматы – Ыстанбұл бағытындағы рейстер санын 2-ден 3 рейске дейін арттыруды жоспарлап отыр», – делінген хабралады.

Сондай-ақ, 2021 жылғы 22 қыркүйектен бастап SCAT әуе компаниясы Ақтөбе — Ыстанбұл бағытында аптасына 2 рейспен ұша бастайды. Түркиямен арадағы рейстер санын әрі қарай арттыру эпидемиологиялық жағдайға, Ведомствоаралық комиссияның және Түркияның тиісті мемлекеттік органдарының шешімдеріне байланысты болады.

Айта кетсек, рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуе компанияларының сайтында жарияланған кестеге сәйкес орындалады.

363 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз