Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Мотивация
  • 12 Қыркүйек, 2021

Өзіңді бағалауды үйрен

Қоршаған ортаңызға үнемі мейірімді болып жүрудің  еш қиындығы жоқ. Күніне бір қайырымдылық  жасасаңыз, сол күніңіз босқа өткен жоқ. Алайда, сіздің мейірімділігіңізді  өз пайдасына шешіп, сізді басынғандарға, қарым-қатынасыңызды өзгертіңіз.

Ең бастысы, өз бағаңызды біліңіз! Егер бағаңызды білмесеңіз, бәріне мойынсұнып бәріне көндігіп жүре бересіз. Бәріне көндігу  мен шыдамдылықтың ара-жігін ажыратып алыңыз. Егер сіздің уақытыңызды, күшіңізді, көңіліңізді қалыптан тыс алса, ол адаммен қоштаса беріңіз.

Өзіңіздің бағаңыздан "төменге" келіспеңіз.  Бұл қарым қатынас па? Әлде карьера ма? Маңызы жоқ! Сіз бақыт пен құрметке лайықсыз!

Екінші болуға ешқашан  келісім бермеңіз! Өзіңіздің үрейіңізге бой алдырмаңыз.  Сізге ұнамайтын, сіздің арыңызға  нұқсан келтіретін  қарым - қатынастан  бас тартыңыз!

Өзіңізді басқалармен салыстырмаңыз. Өзгелермен өзіңізді салыстыру, сіздің бағаңызды түсірмек. Бұл сырқат сияқты. Сырттай қарағанда, сіздің де өміріңізге біреу қызығуы мүмкін. Кімге қай кезде, бақ қонары белгісіз. Біреулер, ерте жанып, ерте өшсе, біреулердің оты кеш жанып, шоғы ұзаққа жеткізер.

Өзіңіздің  армандарыңызды реттеңіз. Құндылығыңыз қандай? Екінші жартыңыздан не күтесіз? Өзіңіздің мақсаттарыңызды нақтылаңыз. Барлығы анық  болсын. Ақша қалайсыз ба? Нақты сома! Екінші жартыңыздың қалай жағына өзгергенін қалайсыз? Нақтылаңыз. Бұл сіздің алдағы өміріңіздің қай жаққа бұрылатынына жауапты.

«Жоқ» деп айтуды үйреніңіз. Кей-кездері өз дегеніңізде тұруыңыз керек. Қоршаған ортаңызға жалтақтамай. Көмектескіңіз келмесе, көмектеспеңіз. Егер бұл сізге мазасыздық әкелсе, «жоқ» деп айтыңыз. Бір рет  «жоқ» деп,  айтқан соң, сіз өз уақытыңызға өзіңіз қожайындық етесіз.

 Жанерке Жүніс

 

941 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз