Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Мотивация
  • 13 Қыркүйек, 2021

Төрегелді Шарманов: Ерлі-зайыпты бір бүтін заттың екі бөлігі сияқты көрінеді

Өмірдің өзегі, оның ары қарай жалғасуы – таңдап алған жарыңа көп байланысты. Жақсы әйел еркектің бағы деп бекер айтпаса керек. Олай дейтінім, талай ер азаматтардың төрдегі басын есікке сүйреп, сорын қайнатқан әйелдерді көп білемін.

Менің ұғымымда ерлі-зайыпты бір бүтін заттың екі бөлігі сияқты көрінеді. Ерлі-зайыптылардың арасында өзара түсіністік жаңа дүние әкеліп, бірлігін нығайтады.

Ал жар таңдаудағы қауіпті дүние – бақай есеп. Адам өмірінің болашағын есепке құрғаны сорақы нәрсе. Себебі, есепке алынған байлық – байлық емес. Бұрынғылар айтқан ғой, әкенің жасаған үйі балаға үй болмайды деп. Бала өз үйін өзі жасауы керек. Үй деп отырғаным кәдімгі үй емес – символика. Тек қана платформа. Осы арқылы жаңа дүние жасауға, жаңаша өмір сүруге ұмтыласың.

 

Төрегелді Шарманов

 

1441 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз