Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Шартарап
  • 13 Қыркүйек, 2021

Ұлыбританияда вакцинация паспорты енгізілмейді

Ұлыбритания тұрғындарға түнгі клубтар мен бұқаралық іс-шараларға бару құқығын беретін вакцинация паспортын енгізуден бас тартты.

Бұл туралы Ұлыбританияның денсаулық сақтау министрі Саджид Джавид мәлімдеді.

"Осы аптада премьер-министр алдағы бірнеше айда COVID-пен күресу жөніндегі жоспарымызды айқындайды және онда вакциналау бағдарламасы тиімді екенін түсіндіреміз. Біз вакцинация паспортын енгізбеуіміз керек. Бұл жоспар енгізілмейтінін мәлімдегеніме қуаныштымын", - делінген хабарламада.

Мекемелер мен парламент депутаттары сынға алған бұл жоспар қыркүйектің аяғында енгізілуі тиіс еді. Жоспарға сәйкес Англия тұрғындары клубтарға немесе басқа да қоғамдық шараларға кіреберісте COVID-19-ға қарсы вакцинациядан өткенін растайтын құжатты ұсынуы керек болған. Іс-шараларға барудың тағы бір мүмкіндігі - ПТР-анықтамасын ұсыну.

Үкімет мұндай паспорттарды енгізу мүмкіндігі қосалқы нұсқа ретінде қалатынын айтты.

tengrinews.kz

733 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз