Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 14 Қыркүйек, 2021

Алматы облысында жер сілкінді

Алматы облысында жер сілкінді.

14 қыркүйек сағат 04.19 шамасында Алматы сейсмостансасы Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 286 шақырым қашықтықта Қазақстан аумағында – Алматы облысы Панфилов ауданында (таулы аймақ) жер сілкінісін тіркеді.

Энергетикалық класы - 9.9. MPV магнитудасы - 4,2.

Координаттары 44*70 солтүстік енді, 79*81 шығыс бойлық, тереңдігі 15 км.

Жерасты дүмпуі сезілмеген.

Алматы облыстық ТЖ департаменті осы ақпарат түскеннен кейін жергілікті атқарушы органдарға, полиция департаментіне, Қазселденқорғау, прокуратура және басқа да ұйымдарға ескертті.

Ғимараттардың қирағаны және қаза тапқандар туралы ақпарат әзірге түспеген.

473 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз