Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 14 Қыркүйек, 2021

Бюджет қаражатын дұрыс игермеген әкімдіктер анықталды

Үкімет отырысында мемлекеттік бюджетің атқарылу барысын баяндаған ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев 8 айда шығысқа бағытталған 9,9 трлн теңгенің 7 млрд теңгесі үнемделгенін мәлім етті.

«Республикалық бюджет бойынша 9,9 трлн теңгеге шығыстар жүргізілді. Атқарылмау 31 млрд теңге болса, оның ішінде 7 млрд теңге үнемделді. Яғни, 24 млрд теңге игерілмеген. Игерілмеудің неғұрлым ірі сомалары Денсаулық сақтау, Ішкі істер, Мәдениет және спорт, Әділет, Төтенше жағдайлар министрліктерінде қалыптасты», - деді ведомство басшысы.

Оның айтуынша, аталған органдардың өздері сұратқан қаражатты толық игермеуіне төлемнің негізділігін растайтын құжаттарды ұсынбау, орындалған жұмыстардың актілерін, шот- фактураларды уақтылы ұсынбау сияқты жайттар себеп болған.

«Жергілікті бюджет шығыстары 5,2 трлн теңгені құрады. Мұнда 64 млрд теңге игерілмеген. Биыл жалпы өңірлерге 2,5 трлн теңге сомасында нысаналы трансферт көзделген. 1 қыркүйектегі жағдай бойынша, оларға 1 трлн 358 млрд теңге бөлінген. Оның 98% игерілді. Игерілмеген 26,5 млрд теңгенің 3 млрд теңгесі үнемделді. Ең көп игерілмеген сома Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Батыс Қазақстан, Қызылорда, Түркістан облыстарында қалыптасты», - деді Қаржы министрі.

392 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз