Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 14 Қыркүйек, 2021

Тұтынушылар коммуналдық қызметтерге 14 миллиард теңге қарыз

Тұтынушылар коммуналдық қызметтер үшін 14 миллиард теңге қарыз. Бұл туралы Үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов хабарлады.

«Биылғы жылдың қыркүйегінде тұтынушылардың коммуналдық қызметтер үшін берешегі 14,4 миллиард теңгені құрайды 4 өңірде ең көп дебиторлық берешек бар», – деді министр.

Сонымен қатар ол президенттің жолдауын орындау мақсатында тауар биржаларының қызметін реттеуді жетілдіру іс-шаралар қабылданғанын айтты.
 

«Министрлік өңірлік операторларға қойылатын талаптар бөлігінде ұсынымдар әзірледі. Осы ұсынымдар негізінде әкімдіктер өңірлік операторларды анықтады. Олар қазіргі уақытта сауда-саттыққа делдалдарсыз тікелей қатысады және көмірді соңғы тұтынушыға, яғни халыққа сатады», – деді Атамқұлов.

73 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *