Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 14 Қыркүйек, 2021

Биыл Қазақстан сегіз айда 44 млн тонна мұнай экспорттады

Биыл қаңтар-тамыз аралығында Қазақстаннан 44 миллион тонна мұнай экспортталып, жоспар 100 % орындалды, деп хабарлады Үкімет отырысында Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев.

«Көрсетілген кезеңде 56,1 миллион тонна мұнай және конденсат өндірілді. Бұл – осы жылға жоспарланған көрсеткіштің 99,3 пайызы. Есептік кезеңде «Қарашығанақ» жобасында жоспардың толық орындалмауы байқалады. Яғни, кестеден қалып барады. Себебі, Орынбор газ өңдеу зауытында жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты газ қабылдау шектелді», – деген министр мұнай-газ саласындағы ірі компаниялардың көрсеткіштеріне тоқталды.

Ведомство басшысының айтуынша, «Теңіз» жобасында аталған кезеңде 17,1 миллион тонна мұнай өндірілді. Яғни осы жылғы жоспар 100 % орындалды. Қашаған немесе Солтүстік Каспий жобасында мұнай өндіру көлемі 10,2 миллион тоннаға жетіп, жоспар асыра орындалды. «Қарашығанақ» жобасы бойынша 7,8 миллион тонна мұнай өндіріліп, жоспар 93 % орындалды. Осы есепті кезеңде 44 миллион тонна мұнай экспортталды. Яғни 8 айдың жоспары 100 % орындалды.

«Газға келсек, есепті кезеңде 35,5 миллиард текше метр газ өндірілді. Бұл осы жылға жоспарланған көрсеткіштің 98% тең. Газ өндірісінің төмендеуі мұнай өндіру көлеміне тікелей байланысты. Өйткені ол мұнай өндіру кезінде алынатын ілеспе газ болып отыр. Тауарлық газдың ішкі тұтыну көлемі жоспармен салыстырғанда 12%-ға өсіп, 11,6 миллиард текше метрге жетті», – деді министр.

320 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз