Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 14 Қыркүйек, 2021

«Шалқар» радиосы Павлодар облысының үш ауданында хабар таратады

Қазақстан Тәуелсіздігінің 30-жылдығына орай «Шалқар» радиосы қосымша Павлодар облысының 20000-нан астам тұрғындары үшін қолжетімді болады, - деп хабарлайды ҚР АҚДМ Баспасөз қызметі.

Жоғарыда көрсетілген РТС қамту аймағына облыстың Май, Лебяжі және Павлодар аудандарының 37 елді мекені кіреді. «Шалқар» радиобағдарламасының сигналын 104,4 толқынында FM диапазонында қабылдауға болады.

Сонымен бірге 2021 жылғы 13-27 қыркүйек аралығында сағ. 10.00-ден 18.00-ге дейін «Аққулы» радиотелевизиялық станциясында таратушы антенна-фидер құрылғысын орнату және монтаждау бойынша жұмыстар жүргізіп отыр.

Жұмыстарды жүргізу барысында «Qazaq radıosy» және «Халық радиосы» радиобағдарламаларын тарату уақытша жоғалады.

«Қазтелерадио» АҚ уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды. Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда акционерлік қоғамның call-орталығына мына нөмірлер арқылы хабарласа аласыз: 8 8000 800 193 (ұялы телефоннан қоңырау шалу тегін), +7(727) 2 581 500.

Сондай-ақ, abonent@otautv.kz. электрондық поштаға хабарлама жіберуге болады.

946 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз