Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Безбен
  • 14 Қыркүйек, 2021

Балмұздақ тұтыну бойынша Атырау облысы көшбасшы

 Пандемияның жалғасуына және сауда орталықтары мен базарлардың жұмысындағы шектеулерге байланысты қиындықтарға қарамастан, ағымдағы маусымның сегіз айының қорытындысы бойынша қазақстандықтар өткен жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 3%-ға көп балмұздақ пен мұздатылған десерттерді тұтынған. Ақшалай мәнде өсім 9%-ды құрады. Балмұздақ тұтынудың өсімі бойынша Атырау облысы көшбасшы болды. 

Қазақстан өңірлері бойынша біріншілік Атырау қаласына бұйырды, ол 2021 жылдың 8 айының қорытындысы бойынша балмұздақ сатылымның ақшалай мәнінде 56%-ға өскенін көрсетті. Тағы бір батыс қаласында, Ақтауда сату - 37%-ға, Оралда – 40%-ға артты, Талдықорғанда сатылым өсімі - 30%-ға, ал Алматыда - 20%-ға өсті.

«Евромонитор» тәуелсіз мамандандырылған компаниясының бағалауына сәйкес қазақстандық «Шин-Лайн» өндірушісі балмұздағының отандық нарық көшбасшысының үлесі 39,8%-ға дейін өсті, бұл екінші, үшінші және төртінші орындарды иеленетін өндірушілер сомасымен салыстырғанда көбірек.

 Коронавирус ауруының өсуіне, Ресей нарығында сүт өнімдерін таңбалаудың енгізілуіне және ҚР-да осыған ұқсас таңбалаудың енгізілуіне байланысты жаңа санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға, шектеулерге бейімделу қажеттілігіне байланысты қиындықтарға қарамастан, «Шин-Лайн» компаниясы 2021 жылдың 8 айының қорытындысы бойынша сатылымның өскенін атап өтті. Алдын ала қорытынды бойынша, осы жылдың қаңтар-тамыз айларында «Шин-Лайн» брендімен балмұздақ сату өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда заттай көріністе 12%-ға, ал ақшалай көрсеткіште 22%-ға өсті. Жалпы, соңғы жылы балмұздақ пен мұздатылған десерттерді тұтыну заттай 3%-ға және ақшалай 9%-ға өсті.

Компания экспорттық нарықтарға шығу арқылы сатылым географиясын кеңейту стратегиясын жүзеге асыруды жалғастыруда. 2021 жылы қаңтар-тамызда «Шин-Лайн» өнімінің экспорты заттай көріністе 2,636 мың тонна балмұздақты құрады, бұл 2020 жылғы тиісті кезеңнің көрсеткішінен 26%-ға көп. Ақшалай көрсеткіште 2021 жылдың 8 айының қорытындысы бойынша «Шин-Лайн» өнімінің экспорты 24%-ға өсті, ал компанияның түсім құрылымындағы экспорттың үлесі 18%-дан 20,7%-ға дейін артты. Компанияның экспорттық нарықтарының ішінде «Шин-Лайн» өнімдерін сатудың  жоғары өсу қарқынын көрсеткен елдер – Монғолия, мұндағы ақшалай көрсеткіш 129%-ға өсті; Беларусьте сатылым өсімі 27%-ды, Қырғызстанда – 40%-ды, Ресейде - 28%-ды, Өзбекстанда - 18%-ды құрады.

«Шин-Лайн» өнімдік желісінде тұрақты көшбасшы «Бомба» бренді болып қалуда – «Еуромонитордың» деректері бойынша Қазақстанда оның үлесіне 14% тиесілі, 2021 жылдың 8 айында 5239 тонна сатылды. Егер үй нарығында «Бомбаны» сату бірнеше жылдар бойы тұрақты жоғары деңгейде болса, онда экспорттық нарықтарда осы брендпен балмұздақ сату 52%-ға, оның ішінде Өзбекстанда – 8,5%-ға, Қырғызстанда - 4,1%-ға өсті. «Мишка на полюсе» пломбир бренді үй және экспорт нарықтарындағы өсудің неғұрлым жоғары сатылым қарқынын көрсетті: Қазақстанда оның сатылуы заттай мәнде 89%-ға, Қырғызстанда – 77%-ға, Өзбекстанда - 38%-ға өсті. Тұрақты тұтынушылар премиум шығыс желісі Bahroma өнімдерінде сақталуда – «Евромонитор» компаниясының деректері бойынша оның үй нарығындағы балмұздақ үлесі 7%-ды құрайды.

624 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз