Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Безбен
  • 14 Қыркүйек, 2021

Президент Ұлыбританияның Премьер-Министрі Борис Джонсонға көңіл айтты

Қазақстан Президенті Ұлыбританияның премьер-министрі Борис Джонсонға көңіл айтты, - деп хабарлайды Ақорда.

Мемлекет басшысы Ұлыбританияның премьер-министрі Борис Джонсонға анасы Шарлотта Джонсон Уоллдың қайтыс болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады.

"Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан Жоғары Мәртебелі Сізге және отбасыңызға орны толмас қайғыға байланысты көңіл айтамын. Миссис Джонсон Уолл аса көрнекті тұлға болатын. Ол өзінің тамаша туындыларымен Біріккен Патшалықта және одан тыс жерлерде заманауи өнердің дамуына, ілгерілеуіне елеулі үлес қосты. Аяулы анаңыз жайлы жақсы естеліктер оны білетін адамдардың жүректерінде және жадыларында сақталатынына сенімдімін", - делінген жеделхатта.  

538 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз