Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 15 Қыркүйек, 2021

Риддер қаласында аюлар көшеде жүр

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласында аюлар көше кезіп жүрген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, полицияға хабарласқан тұрғындар жыртқыш аңның көше кезіп жүргендігін айтты.

«Белгілі болғандай, бірнеше аю қыркүйек айының басында қала аумағына кіріп кеткен. Тұрғындар аюларды Полевой көшесіндегі №202 және №206 үйлердің маңында және Пролетарская көшесінде байқады. Аталған факті бойынша тәртіп сақшылары түз тағыларының қайда екенін анықтау үшін тиісті шараларды жүргізді. Қазіргі уақытта шаһар көшелерінде аюлар жоқ», - делінген хабарламада.

Ведомство өкілдерінің дерегінше, жыртқыш аңдар ешкімге зардап тигізбеген.

555 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз