Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 16 Қыркүйек, 2021

Қазгидромет: Қыркүйектің 16-сы күнгі ауа райы болжамы

"Қазгидромет" РМК-сы 16 қыркүйек күнгі ауа райы болжамын жариялады.

Циклон жырасының әсерінен ҚР солтүстігінде, солтүстік-батысында, батысында жаңбыр жауады, найзағай бақыланады. Қалған аумақта антициклон жотасының әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында, батысынада және оңтүстігінде жел, солтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік Қазақстан облысында солтүстік-батысында, солтүстігінде найзағай, тұман күтіледі, түнде оңтүстігінде жел 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді. Түнде Ақмола облысының солтүстік-батысында, күндіз басым бөлігінде найзағай бақыланады, жел 15-20 м/с күшейеді.

Қостанай облысының солтүстік-батысында, солтүстік-шығысында найзағай күтіледі, солтүстік-батысында, оңтүстігінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Күндіз Павлодар облысының солтүстігінде, солтүстік-батысында найзағай күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. Күндіз Ақтөбе облысының оңтүстік-шығысында, шығысында, Қызылорда облысының орталығында, Қарағанды облысының батысында 15-20 м/с желдің күшеюі күтіледі.

Түнде Шығыс Қазақстан облысының шығысында, Қарағанды облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында 2 градус үсік сақталады.

Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе облыстарының басым бөлігінде, Қостанай, Қарағанды облыстарының оңтүстік-батысында, батысында, Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында және оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Павлодар облысының орталығында, Ақмола облысының солтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

 

615 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз