Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Шартарап
  • 16 Қыркүйек, 2021

Қытайда жер сілкінді

Бейсенбі күні таңертең Қытайдың оңтүстік-батысындағы Сычуань провинциясында 6 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚХР-дың сейсмология қызметіне сілтеме жасап. Жерасты дүмпуі жергілікті уақыт бойынша сағат 04:33-те тіркелген. Сейсмологтардың мәліметінше, жер сілкінісінің эпицентрі Сычуань провинциясының Лусянь уезінде (Оңтүстік-Батыс Қытай) 10 км тереңдікте орналасқан.

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, жерасты дүмпуі Қытайдың ірі мегаполисі Чунцин қаласында сезілген. Ықтимал бүліну мен зардап шеккендер туралы мәлімет тараған жоқ. Сычуань уезіне 1 миллионнан астам халқы бар 20-ға жуық елді мекен қарайды. Жер сілкінісі болған жерге апатты-құтқару қызметі жіберілді.

 

639 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз