Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Мотивация
  • 16 Қыркүйек, 2021

Онколог адам өмірін қысқартатын əдеттерді атады

Онколог Михаил Давыдов адам өмірін қысқартатын әдеттерді атап, дəрігерлік кеңесін ұсынды. 

           1. Тамақтануға баса назар аударыңыз

Салауатты өмір салтының ең басты критерийі - күнделікті тұтынатын тағам рационы. Зиянды тағамдарды жиі әрі көп жеу асқазанның қатерлі ісігіне әкеп соғуы мүмкін. Консерванттар мен тұз және натрия нитриті тым көп қосылатын шұжық өнімдері басқа да ет қосылып, жартылай дайындалған кез келген тағам  зиянды өнімдер қатарына кіреді. Бұл тағамдарды ара-тұра жеуге болады, бірақ үздіксіз қолдану өзіңді өлімге итермелеумен тең. Дәрігердің айтуынша үйде дайындалатын ет өнімдері денсаулыққа қауіпсіз

Сонымен қатар дәрігер тағамды тым тоя жеу мен қатты ашығу да денсаулыққа зиян екенін ескертеді. 

Ең дұрысы - жиі әрі аз-аздан тамақтану. Ал бутерброд сияқты жедел әзірленетін азық-түліктер өте зиян екенін айтып дәрігерлер дабыл қағып келеді.

           2. Темекі мен алкогольді ішімдіктен аулақ болыңыз

Бұл бұрыннан айтылып келе жатқан зиянды әдеттер. Десе де дәрігер адам өмірін қысқартатын дәл осы екеуі екенін баса ескертеді. 

Мәселен, 30 жыл бойы үздіксіз күніне бір қорап шылым шеккен адамның өмірі 10 жылға қысқарады. Қатерлі ісікке шалдыққандардың көбі 50 жастан асқан шылымқорлар дейді дәрігер. 

      3. Ұйықтар алдында гаджет қолданбаңыз

Бұл зияны ә дегеннен байқала қоймайтын ең қауіпті әдет. Гаджеттен шығатын көк түсті сəуле мелатонин гормонының  түзілуін баяулатады. Бұл адамның ұйықтап демалуын қамтамасыз ететін гормон. Ол гормонсыз сіз мүлдем демалмайсыз деген сөз. Күні бойы жұмыстан шаршаған адам ағзасы, түнімен тағы демалмай, бұл күндер, айлар тіпті жылдарға созылып, адамның әлсіреуіне әкеп соқтырады. 

Денсаулық керек пе әлде күні-түні гаджет құшақтауды жалғастыра берген дұрыс па? Ендігі шешім өзіңізде. 

 

 

 

kubnews.ru

 

1110 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз