Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Безбен
  • 16 Қыркүйек, 2021

Елбасы Еуразия медиа форумына қатысушыларды құттықтады

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев XVII Еуразиялық медиа форум қатысушыларына құттықтау лебізін жолдады.

«XVII Еуразия медиа форумының қатысушылары мен қонақтарын құттықтағаныма қуаныштымын. Жылдар бойы форум пікір алмасатын танымал медиаалаңға айналды. Белгілі саясаткерлер, сарапшылар және жетекші бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері мұнда әлемдік қоғамдастық үшін ең өзекті мәселелерді қарастырады, оларды шешудің жаңа жолдарын әзірлейді», - деп ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев Нұрсұлтан Назарбаевтың құттықтауын оқып берді.

Нұрсұлтан Назарбаев форумның өз тарихында алғаш рет онлайн форматта өтіп жатқанын, бірақ бұл Еуразия мен әлемнің өзекті мәселелерінің маңызы мен кең талқылануына еш әсер етпейтінін атап өтті.

«Биыл Қазақстан өз Тәуелсіздігінің 30 жылдығын атап өтуде. Біз үлкен және күрделі жолдан өттік, онда айтарлықтай барлығы мойындаған нәтижелерге қол жеткіздік. Қазір еліміздің алдында жаңа өршіл мақсат тұр – 2050 жылға қарай әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіру. Әрдайым Қазақстан қозғалысының негізі – халықтың бірлігі болғандықтан, аталған стратегиялық мақсатқа да қол жеткізіледі», - дейді Елбасы.

Нұрсұлтан Назарбаев қазіргі жаһандық сын-қатерлер мен пандемияға қарсы күрес жағдайында ұйымшылдық қағидаты бүкіл адамзат үшін негіз қалаушы болуы керегін айтты. «Форумның барлық қатысушыларына жемісті пікірсайыс тілеймін. Сіздердің жұмыстарыңыз қазіргі әлемнің одан әрі дамуы тек бірлік, диалог және өзара құрмет арқылы ғана мүмкін болатынын жаһанның ұғынуына қызмет етсін», - деді Елбасы.

 

580 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз