Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 16 Қыркүйек, 2021

Індет іргемізден ертерек кетсе...

Денсаулық сақтау министрлігінің делегациясы ДДСҰ Еуропалық өңірлік комитетінің 71 сессиясына қатысты. Сессияның ашылуында ДДСҰ Бас ­директоры Тедрос Гебрейесус Адханом, ЕуроДДСҰ Аймақтық директоры Ханс Клуге, Еуропалық аймақтың денсаулық сақтау министрлерінің және т.б. ­баяндамалары тыңдалды.

Еліміздің бас дәрігері «2020-2025 жылдарға арналған еуропалық жұмыс бағдарламасының негізгі басымдықтарын ұстану – Денсаулық сақтау, төтенше жағдайлар кезінде денсаулық сақтау қызметтерімен жаппай қамтуды қамтамасыз ету және денсаулықты нығайту мен әл-ауқатты арттыру маңызды», – деген пікірін білдірді.

 «Өткен жылы көп адам қайтыс болды, әлі де COVID-пен ауыратындар бар. Менің ең үлкен тілегім – бұл сессия бізді пандемияны қайтадан бақылауға алуға және ешқашан бұл бақылауды жоғалтпауға талапты күшейту. Бұл соңғы дағдарыс болсын», – деді ЕуроДДСҰ Аймақтық директоры Ханс Клуге.

«Пандемия Денсаулық сақтау қызметімен МСАК әлеуетін дамыту мәселесін одан әрі өзек етті, сондай-ақ МСАК-тың адамдардың денсаулығы мен әл-ауқаты үшін елеулі теріс салдарына ден қоюдағы негізгі рөлін атап өтті. COVID-19-ға қарсы күрес жөніндегі шараларды іске асыру шеңберінде МСАК жүйесі санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған міндеттер мен талаптардың неғұрлым кең ауқымын қамтыды», – дейді А.Цой.

Қазақстан МСАК ұйымдарының адамдардың дене және психикалық денсаулығы мен әлеуметтік әл-ауқатының жай-күйін едәуір дәрежеде жақсартуға қабілетті деген пайымын қолдайды. МСАК орнықты даму саласындағы мақсаттарға қол жеткізу үшін тұрақты Денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет көрсету жүйелерінің іргетасы болып есептеледі. COVID-19 пандемиясы барысында алынған сабақтарды ескере отырып, МСАК қызметін құруға бағытталған тұрақты шаралар қабылдау, ЕПР-дің негізгі үш басым бағытын және онда ұсынылған төрт негізгі бастаманы жүзеге асыру мақсатында МСАК-ты нығайтуды жалғастыру қажет.

«Елдің күш-жігері төтенше жағдайға ден қою жүйелерінің жұмыс істеуін қамтамасыз етуге және денсаулық сақтау жүйелерін күшейтуге бағытталуы тиіс. Қазіргі уақытта халыққа қайта вакцина жүргізу мәселесі қаралуда. Біз ДДҰ-дан халықтың COVID-19 вакцинасының үшінші дозасына қол жеткізуін қамтамасыз етуді сұраймыз», – деді ДДСҰ Бас директоры Тедрос Гебрейесус Адханом мен доктор Ханс Клюге.

Жалпы А.Цой атап өткендей, CОVID-19 пандемиясы барлық елдерге әсер етті және тек жаһандық қоғамдастықтың бірлескен іс-қимылы ғана оны жеңуге және қалыпты өмірге оралуға көмектеседі. Ол қазақстандық тарап Денсаулық сақтау жүйесінде, оның ішінде МСАК деңгейінде іргелі өзгеріс қажеттігін толық қолдайтынын атап өтті. Сондықтан індет іргемізден ертерек кетсе дейміз.

Айта кетейік, Қазақстанда ­ко­ро­навирус вакцинасының 1-ком­по­нентін 7,1 млн адам салдырды. Вакцина салдырғандар саны ­бойынша ­Алматы қаласы алдыңғы орында, қалада 916 736 тұрғын вакцинаның бірінші компонентін, 814 080 адам екінші компонентін салдырған. Екпе алудан екінші орында – Түркістан ­облысы. Өңірде 815 405 адам коронавирус вакцинасының 1-компонентін, 634 826 адам 2-компонентін алған. Үшінші орында Алматы облысы – 719 983 адам екпенің бірінші бөлігін алса, 600 494 адам екінші бөлігін қабылдаған.

Ал соңғы екі аптада 5 өңір «қызыл» аймақтан «сары» аймаққа өтті, еліміздің 11 өңірі «қызыл» аймақта тұр. «Қызыл» аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы, ­Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, ­Алматы, ­Атырау, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар облыстары орналасқан. «Сары» аймақта Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыс­тары тұр. «Жасыл» аймақта – Түркістан облысы.

2020 жылдың 13 наурызынан бері елімізде 848 318 адам коронавирустың симптомды түрімен ауырған. Оның ішінде 10 491 пациент бақилық болды. Ал 2020 жылдың 1 тамызынан бері елімізде коронавирус індетімен 73 122 адам тіркелген. Оның 4700-і көз жұмған.

 

380 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз