Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Құмсағат
  • 16 Қыркүйек, 2021

Жансель Дениз Түркиядағы жарыста жеңімпаз атанды

Қазақстандық таеквондошы Жансель Дениз Түркияда халықаралық турнирде топ жарды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Түркияның Стамбул қаласында таеквондодан рейтингтік WT President's Cup Europe жарысы өтті. Аталған бәсекеде Қазақстан құрамасының қоржыны қос жүлдемен толықты. 

Әйелдер арасында 73 келіде сынға түскен Жансель Дениз өз салмақ дәрежесінде қарсылас шақ келтірмей, жарыс жеңімпазы атанды. Ал ерлер арасында бақ сынаған ССамирхан Әубакіров 54 келі салмақ дәрежесінде қола жүлдені қоржынға салды. 

Айта кетерлігі, аталған турнир Жансель Дениздің Токио Олимпиадасынан кейінгі алғашқы додасы.

622 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз