Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 17 Қыркүйек, 2021

Арыс қаласынан 10 отбасы еліміздің солтүстігіне көшуге ниетті

Арыс қаласында «Nur Otan» партиясы Арыс қалалық филиалы мен Халықты жұмыспен қамту орталығы бірлесіп Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында солтүстік өңірлерге қоныс аудару мәселесі бойынша «Ашық есік» күнін өткізді, - деп хабарлайды Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

«Ашық есік» күнінде қала тұрғындарына Павлодар өңірінен арнайы делегацияны бастап келген Шарбақты аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры Г.Смаилханова және Галкина ауылдық округінің әкімі Д.Нурсеитов насихат жұмыстарын жүргізді. Атап айтқанда, солтүстік өңірлерге көшкен азаматтар мен отбасыларға мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдаулар мен бос орындар жайы сөз етілді. Насихат жұмыстарының нәтижесінде Арыс қаласынан 10 отбасы көшуге ниет білдіріп отырғандықтарын жеткізді.

585 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз