Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 18 Қыркүйек, 2021

Таразда шеберлер мен фотографтардың көрмесі өтті

Аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев қолөнер шеберлерінің бұйымдарын сатуға арналған іс-шараға және «Жамбыл облысы – фотографтардың қиял шеруінің мекені» атты көрмеге қатысты. Шараны облыстық туризм басқармасы «Тараз – Туризм» туристік ақпараттық орталығы ұйымдастырған.

Облыс әкімі алдымен жартылай киіз үйлерге қойылған бірнеше сауда нүктелерін аралады.

Айта кетейік, «Көне Тараз» тарихи-этномәдени кешені аумағындағы жаңадан 5 жартылай киіз үй пішінді сауда нүктелері орнатылған. Онда кез келген қолөнерші өз бұйымдарын ақысыз түрде бекітілген кестеге сәйкес сата алады.

Бүгінде Жамбыл облысында ұлттық қолөнерiмiздiң беделiн арттырып жүрген 80-ге жуық қолөнер шебері бар.

Аймақ басшысы тараздық қолөнер шебері Құралай Әуелбекованың үй тұрмысына қажетті бұйымдарымен танысты. Құралай тіккен көрпе - жастықтар сапасына қарай 30-100 мың теңге аралығында саудалануда. Байзақтық Аққалам Жұмабаеваның да қолөнер жұмыстары көркемдігімен   шараның ажарын аша түскендей. 5 адамды жұмыспен қамтып отырған «Аялы алақан жылуы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Әсел Даулыбаеваның қайсарлығы да сүйсіндіреді. Облыс әкімі мұндай шеберлерге көмектің барлық түрі көрсетілуі керектігін айтты.

- Біздің қолымызбен жасалған  отандық өнім Түркияның бұйымынан артық болмаса, кем емес, - дейді Әсел.

«Аспара» мәнерлік өнер және бизнес колледжі студенттерінің қолөнер бұйымдары қойылған сауда нүктесінде де көзтартарлық дүниелер аз емес.

 - Мен бұл колледж туралы жақсы білемін. «Аспара» колледжінің бұйымдары Тараздың брендіне айналуы тиіс қой. Бірақ орамал, беторамалдарыңызға «Қазақстан. Таразда жасалған» деп жазыңыздар,-деп ұсыныс білдірді өңір басшысы.

Осы орайда аталған бизнес колледжінің құрылтайшысы, танымал сән дизайнері Айдархан Қалиев киіз және керамикалық заттардан жасалған бұйымдармен таныстыра келе, Италияда өтетін халықаралық көрмеге «Аспараның» қатысатынын, Таразда да көрме өткізу жоспарларында бар екенін жеткізді.

Бұдан соң облыс әкімі «Арбат-2» жаяу жүргіншілер аллеясындағы «Жамбыл облысы – фотографтардың қиял шеруінің мекені» атты көрменің жұмысымен танысты. 

 Юрий Кимнің «Төрткүл», «Жайлау», «Айша бибі» фотолары, «Ақ жол» газетінің фототілшісі Ақәділ Рысмаханның «Құралай сұлу», «Жеті қазына», «Шаһар шырайы», Петр Норкиннің «Кешкі келушілер тарапынанжоғары бағасын алды. Тараз қалалық білім бөліміне қарасты техникалық шығармашылық орталықта ашылған фотостудия шәкірттерінің суреттері де осы көрмеден орын алды.

839 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз