Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Фотогалерея
  • 20 Қыркүйек, 2021

Терренкурдің тұмса табиғаты

Бақытжан Сағынтаев, Алматы қаласының әкімі:

-Терренкур жайқалып келеді. Ұзындығы 9 шақырымдай болатын жаяу жүргіншілер жолының абаттандыру жұмысы аяқталуға жақын. Не істелді? Ең алдымен, 5 мыңға жуық бұталы өсімдік отырғызылып, жасыл қор ретке келтірілді. Оның беткейді нығайтып, жағалаудың құлауына жол бермесі анық. Әлбетте, жасыл аймақ ағзаның қалпына келуіне ықпал ететін арнайы микроклиматты сақтайды. Терренкурдың емдік мақсатта салынғаны бекерден емес.

Қала тұрғындарына ыңғайлы болу үшін орындықтар жаңартылып, теңіз деңгейінің биіктігін көрсететін навигациялық стендтер мен ақпараттық стеллалар қойылды. Бұдан өзге әл-Фараби даңғылының астындағы тоннель абаттандырылып, Оқушылар сарайы ғимаратының артына қарау алаңы салынды. Кеңістіктің үйлесімділігі мен тұтастығын сақтау үшін барлық жерде ағаш пайдаланылды

 

1234 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз