Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 21 Қыркүйек, 2021

Елордада қарттарға арналған мерекелік концерт өтті

Нұр-Сұлтан қаласында қарттар күніне орай қарияларға арнап концерт қойылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Бүгінгі концертіміз қарттарымызға арналып отыр. «Қарты бар үйдің – қазынасы бар» деп атам қазақ айтқандай қарияларымызды қадір тұтқан елде өмір сүріп келеміз. «Дария кеуде тау мүсін, қарттарым аман-саумысың?» деп Сағи Жиенбаев ағамыз жырлағандай, үлкендерімізге деген құрметімізді бүгінгі ән-жырымызбен білдіріп отырмыз», – деді мәдениет саласының үздігі, әнші Нұрай Танабаев.

Кеш барысында асқақтата шырқаған әншілердің өнерін жиылған жұртшылық жоғары бағалады.

«Биыл егемендігіміздің 30 жылдық мерейтойы келе жатыр. Осыған орай көптеген іс-шара өткізуді жоспарлап отырмыз. Әр концерттің өзіндік орны бар. Ал бүгінгі концерт – үлкендерге арналған құрмет. Қарттарымызды сыйлау бала күнімізден тәрбиемен бойымызға сіңген. Міне соны бүгін кезекті рет көрсетіп отырмыз», - деді қазақ оркестрінің дирижеры, мәдениет қайраткері Нұрлан Бекенов.

Айта кетейік, мерекелік іс-шара санитарлық нормалар мен талаптарды толықтай сақтай отырып өтті.

320 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз