Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Таным
  • 21 Қыркүйек, 2021

Бір адам бар...

 Ұлағатты ұстаз Сәния Өскенбайқызына арнау

Бір адам бар... Құрметке лайық,

Басыңды иіп, бағалауға тұрарлық.

Сол бір жанның туған күні дәл бүгін,

Алақан жай, бірге дұға қылалық!

 

Бар ғұмыры ізгілікпен өрілген,

Жанарынан  иман нұры төгілген.

Фәни мұқтаж тап осындай жандарға,

Сүйіншіле, Тәңір, ұзақ өмірмен!

 

Мейірімге зәру мына ғаламда,

Қолын созды қанша мұқтаж адамға.

Жаны жомарт, жүрегі кең осы жан,

Ауадайын қажет мына заманға!

 

Тілін тапқан жалқаудың да, ездің де,

Көмек қолын созар қиын кезіңде.

Жоқтан барды жасайтұғын бұл адам,

Керек мына алай-дүлей өмірге!

 

Жылағанды жұбата алды, жылатпа,

Сүрінгенге демеу болды, құлатпа.

Қос дүниенің бақытына бөлей гөр,

Күш-жігер мен қуат беріп сынақта!

 

Қауым елді жақсылыққа бастаған,

Қиын сәтте қолын созған, қашпаған.

Нәзік жанды болғанымен ержүрек,

Назарыңда болсын, Аллам, осы Адам!

 

Жәннаттайын ол бар кезде жұмыр жер,

Алғыс оған айтады әркез  дүйім ел.

Ең сүйікті құлдарыңның бірі етіп,

Денсаулық бер, уа, Раббым, ғұмыр бер!  

 

 Сафура Сәлімбайқызы

1437 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз