Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Құмсағат
  • 21 Қыркүйек, 2021

Элизабет Тұрсынбаева спорттық карьерасын аяқтады

Мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева спорттағы карьерасын аяқтағанын мәлім етті. Бұл туралы спортшы Instagram-парақшасында жазды.  

«Құрметті жанкүйерлер, кәсіпқой спортшы ретінде карьерамды аяқтамақпын. Бұл жаңалықты бөлісу қиын болып отыр… Арқамда көптен бері жарақат барын көп адам біледі. Амал не, мен бұл жарақатты соңына дейін жеңе алмадым, сондықтан толыққанды жаттығу мүмкін болмай қалды.

Мен үшін өмірімде бұл тараудың аяқталуы, жаңа жол басталғанын білдіреді. Мен қазір Қазақстандамын және жыл соңына дейін осында жұмыс істеймін, балаларға көмектесемін, шабыттандырамын және өз тәжірибеммен бөлісемін. Мен әрқашан өз елімде мәнерлеп сырғанауды дамытқым келген, ақыры осындай мүмкіндікке ие болдым», — деп жазды 21 жастағы спортшы.

2019 жылғы әлемнің вице-чемпионы Элизабет Тұрсынбаева ата-анасына, бапкерлеріне алғыс білдірді. 

Элизабет Тұрсынбаева — 2019 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері. Оның жүлделері қатарында 2019 жылғы Төрт құрлық чемпионатының, 2019 жылғы Универсиаданың «күмісі», жасөспірімдер арасында 2016 жылғы Олимпиада ойындарының «қоласы» бар.

 

kaz.holanews.kz

888 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз