Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 21 Қыркүйек, 2021

Атырау облысында жанармай тасымалдайтын көлік өртенді

Атырау облысында жанармай тасымалдайтын көлік өртенді.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа қарағанда, көлік өрті кеше, 20 қыркүйекте сағат 18:42 шамасында болған.

«Департаменттің диспетчерлік пультіне «Атырау-Индер» тас жолындағы Бесікті ауылының тұсында жанар-жағармай тасымалдайтын көлік өртеніп жатқаны туралы хабар түсті.

Оқиға орнына жедел жеткен өрт сөндірушілер сыйымдылығы 23 тонналық жүк көлігінің кабинасы толық өртенгенін анықтады. Жалын сағат 19:09-да оқшауланып, сағат 19:13-те сөндірілді. Өртті сөндіруге арнаулы қызметтің 8 қызметкері мен 2 көлігі жұмылдырылды. Көліктің өртенуіне электр жүйесінің қысқаша тұйықталуы себеп болған», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

546 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз