Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 23 Қыркүйек, 2021

«Болашақ» түлектері ҚазИТУ студенттеріне кеңес берді

Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінде ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және білім орданың 20 жылдығы қарсаңында «Тәуелсіздіктің «Болашағына» 30 қадам» жобасы жалғасуда. 
 
Жобаның мақсаты Тәуелсіздікпен құрдас көшбасшылармен кездесу, пікір алмасуды көздейді. «Бұл өз кезегінде студент жастардың бойында тұлғалық қасиеттерді қалыптастырып, көшбасшылық қабілеттерін дамытуға, жігерлендіруге  септігін тигізеді», - дейді ҚазИТУ ректоры Гүлнар Сәрсенбекова. 
Биылғы жаңа оқу жылындағы жобаның алғашқы қонақтарының қатарын әлемнің әр түрлі елінде білім алған «Болашақ» халықаралық степендиясының түлектері тоықтырды. Олар: «Norwich» бизнес мектебінің (Ұлыбритания) түлегі Даурен Жолдыбек, Karlsruhe» қолданбалы ғылымдар университетінің (Германия) тұлегі Ғибрат Байжұма және «The University of Queensland» университетінің (Австралия) түлегі Еділ Өмірзақов. 
Кездесуде оқытушылар мен студенттердің кәсіби дағдыларын дамытуға арналған кеңестер айтылды. Соның ішінде қазіргі кезде ең актуалды саналатын маркетинг, менеджмент, қаржы, экономика, инвестиция, робототехника сияқты салалардың қолданбалы дағдылары қарастырылды. 
Қонақтар шет елдік университеттердің оқыту технологиясымен бөлісіп, студенттерге білім алып жатқан саласында сұранысқа ие маман болудың жолдарын ұсынды. Сондай-ақ болашақта өз кәсібін ашуды жоспарлаған студенттерге тиімді бизнес кейстарын ұсынды. Кездесу қонағы Даурен Жолдыбек: «Гарвард, Вартон және әлемнің басқа да Жоғарғы бизнес мектептерінен бастап, студенттерге қаржылық, экономикалық және басқарушылық мәселелерді стандартты емес жолмен шешуге мүмкіндік береді. Біздің отандық жоғарғы оқу орындары да күн сайын дамып жатқан заман ағымына қарай еңбек нарығына керекті дағдыларды оқытатын пәндер мен курстарды көптеп енгізу қажет. Бұл курстарды өткеннен кейін студент нақты жағдайларда нақты міндеттерді шешуге дайын болады», - дейді. Сондай курстардың бірі «DREAMSKILLS». Бұл әлемнің Wharton, Darden, Michigan University, University of Illinois at Urbana Champaign сияқты үздік университтерінің маман даярлау тәжірибесіне сүйене отырып әзірленген бизнес кейстардан тұратын курс. Қазіргі таңда 700-ден астам студент курстан сәтті өтіп, сертификаттарын алған. Курс авторлары яғни «Болашақ» түлектері студенттер мен оқытушыларға 20 мамандандырылған бағыт бойынша 100-ден астам курс түрін ұсынады. Кездесу барысында осы курстардан өту бойынша студенттер өз сұрақтарын қойып, қызықты дискуссия болды. 
Оқытушылар мен студенттер кездесуден көптеген ақпараттар мен мотивация алды. Алда «DREAMSKILLS» жобасының курстарынан өтуге өтініш білдірген студенттер мен оқытушылар қатары да аз болмады. 
Еске салсақ, жоба аясындағы бұған дейін  «Болашақ» халықаралық стипендиясының түлегі, Ұлыбританияның «Глазго» университетінің оқытушы ассистенті Бақыт Төлегенов «Көшбасшылықты неден бастаймыз?» «Көшбасшы болу үшін қандай студент болу керек?» тақырыптарында өз кеңестерімен бөлісті. Ұлыбританияның Лидс университетінің «Human resource management» (Адам ресурстарын басқару) мамандығы бойынша үздік дипломмен аяқтаған, қазіргі таңда елімізде беделді «RG Gold» компаниясының аға HR маманы «Болашақ» түлегі  Әсем Сағынбаева өзі қызмет атқарып жүрген саланың қыр-сырымен бөлісіп, университет қабырғасында білім алып жүрген болашақ кәсіби мамандарға  «Түйіндемені қалай жазу керек?, «Жұмыс беруші ең бірінші неге назар аударады?», «Беделді компанияларға жұмысқа орналасудық қандай жолдары бар?» деген сұрақтарға жауап берген болатын. 
 

ҚазИТУ-дың Баспасөз қызметі

692 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз