Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Құмсағат
  • 24 Қыркүйек, 2021

Игита: Футзал әлемінің тарихын жаңарттық

Футзалдан Қазақстан құрамасының Қақпашы әрі капитаны Игита әлем чемпионатының ширек финалына шыққаннан кейін сұхбат берді.

Ойыншы Таиланд құрамасына қарсы 1/8 финалдық ойыннан кейін Qazsport телеарнасына берген сұхбатында матч жайлы пікірін айтты.

«Бүгін біз жаңа тарих жаздық, футзал әлемінің тарихына ендік. Әрине, бірінші кезекте жеңіске жеткенімізге қуаныштымын. Ал гол жібермегеніміз әрқашан қақпашыға, қорғаныс шебіне, жаттықтырушыға жағымды болады, бәрі риза. Енді алға жылжимыз. Бұл жеңіс бізге күш береді. Әлемдегі үздік сегіз құраманың қатарындамыз. Енді демалып, ықтимал қарсыластарымыздың кездесуін тамашалаймыз. Қазақстан қазір дұрыс бағытта келе жатыр. Баршаңызға рақмет», - деді қақпашы.

Айта кетейік, Таиландқа қарсы матчта Игита кезекті әлем чемпионатында екінші рет қақпасына гол өткізген жоқ, әрі әлем біріншілігіндегі алғашқы голын соқты.

 

29151 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз