Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Мотивация
  • 30 Қыркүйек, 2021

Француз тілін меңгерудің 6 себебі

Француз тілінің орны бөлек. Әуезді, көркем және тарихы тереңде жатқан тіл.

Аздап фонетика
Француз тілінде 15 дауысты, 20 дауыссыз фонема бар. Зат есім мен сын есім екі текке (ер, әйел) бөлінеді. Жазылу формасы латынша. Бұл тілдің ерекшелігі «H» әрпі мүлде оқылмайды, «R» – ғ болып дыбысталады және бір дыбысты анықтайтын (ai-е, eau-о, oi-уа, ou-у, au-о, eu-ө, ai-э) әріптер тіркесі де кездеседі. Мысалы, beaucoup (үлкен) – буку деп оқылады. Сөздің соңында мына әріптер оқылмайды: e, s, t, d. Француз тілінің қазақ тіліне ұқсастығы «ғ», «ө», «ә» дыбыстары.

Француз тілін меңгерудің 6 себебі:

1. Әлемді тану.
Статистикаға көз жүгіртсек, дүниежүзінде 275 миллион адам француз тілінде сөйлейді.

2. Карьера. 
Тілді жақсы меңгерген адам халықаралық деңгейге шыға алады. Франция жер жүзіндегі инвестиция бойынша екінші орында. Сондықтан карьера қуған адамдарға тіл білу аса маңызды.

3. Мәдениет. 
Франция мәдениеті аса бай. Бұл елдің мәдениетімен таныссаңыз, рухани азықпен сусындайсыз.

4. Саяхат. 
Егер саяхаттағанды ұнатсаңыз және француз тілін меңгерген болсаңыз, Францияға, Бельгияға, Швейцарияға, Канадаға, Люксембургқа, Монакоға, Андорраға, Африкаға,  Сенегалға, Малиға, Гвинеяға, Конгоға, Бенинге, Гаитиге саяхаттап барсаңыз болады. Себебі француз тілі бұл мемлекеттер мен елдердің ресми және әдеби тілі болып есептеледі.

5. Жарқын болашақ. 
Болашақта шет елдердің ең үздік оқу орнында білім алып, өзіңізді дамыта аласыз.

6. Денсаулық. 
Тіл үйрену арқылы ми ауруының алдын ала аласыз. Бірнеше тілде сөйлеу жүйке жүйесіне түсетін салмақты азайтады, себебі миға көп ақпарат келе бастайды.

Француз тілі әлеуметтік желіде

Instagram, YouTube  арқылы да өзіңіз үйде отырып онлайн сабақ пен марафонға қатыссаңыз болады. YouTube арнасынан «Француз тілін үйрену» деп аталатын және Instagram желісіндегі @french_kz қазақ тіліндегі парақшадан французша сөздер мен ережелерді таба аласыз. Пайдалы ақпараттарды Қыздар университетінің 2019 жылғы түлегі Толқын Құмарова айтып береді. Францияға бару арманыңыз бен тіл үйренуге деген талпынысыңыз болса, меңгеруді бүгіннен бастаңыз. Тіл білу сізге өте үлкен пайдасын тигізеді. 

Айзада САҒИДОЛЛА

"Ұлан" газеті

652 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *