Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Мотивация
  • 02 Қазан, 2021

Достыққа адал адамдарға арналған сый

Айдалада ит ерткен жолаушы келе жатты...

Ұзақ жолдан өзі де, соңындағы иті де шаршаған.

Бір кезде алдарынан керемет бақ көрінді..

Бақтың әсем қақпа-шарбағының ар жағынан жанға жайлы әуен төгіліп, бұлақтың сылдыры естіліп тұр...

Жолаушы қақпа аузындағы күзетшіден

—  Бұл не? Қақпаның ар жағында не бар? - деп сұрады.

— Бұл жәннат бағы.. 

Сен өлдің, енді осында мәңгі демалуыңа болады...

— Мұнда су бар ма?

— Су жетеді... Таза субұрқақтар, салқын әуіздер.

— Тамақ береді ме?

— Қалағаныңды жейсің...  

— Бірақ менің жанымда итім бар еді...

— Өкінішке қарай, баққа итпен кіруге болмайды. Оны осында тастап кетіңіз...

Итіне қарап біраз тұрған жолаушы бұрылып, қайта жолға шықты. 

Тағы біраз жүрген соң алдынан тағы бір әсем бақ шықты..

Мұның да алдында күзетші отыр екен.

— Су берші.. Әбден қаталадық..

— Ішке кір, аулада құдық бар..

— Итім ше?

— Құдықтың жанында табақ тұр. Итің содан ішер...  

Шөлін қандырған жолаушы өзінің қатты ашыққанын сезді.

— Енді жүрек жалғайтын бірдеңе болса?

— Қазір дастархан жаямын...

— Итім ше?

— Оған да сүйек-саяқ табылар..

— Сонда бұл қандай жер?

— Бұл жәннат...

— Мәссаған, бұл қалай? Анау жердегі күзетші де солай деп еді...

— Ол суайт елдің бәрін солай алдайды.. Ол жер тозақ..

— Көршіңіздің өтірігіне қалай төзесіз?

— Оның өтірігінің пайдасы да бар...

Досын тастамағандар ғана жәннатқа жетеді...

 

©️Жан-Поль Бельмондо

Аударған Өмір Шыныбекұлы

 

1270 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз