Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Инфографика
  • 03 Қазан, 2021

Елімізде инфляция деңгейі қандай?

Бір айда (2021 жылғы қыркүйек 2021 жылғы тамызға) баға азық-түлік тауарларына – 0,1%, азық-түлік емес тауарларына – 0,6%, ақылы қызметтерге 0,7% жоғарылады.

пайызбен, өсуі 

 

2021 жылғы қыркүйек

2021 жылғы қаңтар-қыркүйек 2020 жылғы қаңтар-қыркүйекке

2021 жылғы тамызға

2020 жылғы желтоқсанға

2020 жылғы
қыркүйекке

2015 жылғы желтоқсанға

Тауарлар мен қызметтер

0,4

6,2

8,9

47,2

7,8

Азық-түлік тауарлары

0,1

7,5

11,5

61,0

10,8

Азық-түлік емес тауарлар

0,6

5,7

7,5

48,7

6,5

Ақылы қызметтер

0,7

5,1

6,8

29,5

5,1

Бағаның өсуі құс етіне – 2,3%, қарақұмық жармасына – 1,7%, сиыр етіне – 1,6%, жылқы етіне – 1,4%, қаймаққа – 1,2%, пастерленген сүтке, айранға, сүзбеге, құмшекер қантқа – 1,1%-дан, макарон өнімдеріне – 1%, сары майға, нанға – 0,9%-дан, ұнға – 0,8%, кондитерлік өнімдерге – 0,7%, күнбағыс майына, ірімшікке, шошқа етіне 0,6-% дан белгіленді. Темекі өнімдері 0,5% қымбаттады. Бағаның төмендеуі картопқа – 9,5%, жаңа жиналған көкөністерге – 8,7%, жаңа жиналған жемістерге 2,4% тіркелді.

Баға өсімі жиһаз және үйге қажетті заттарға – 1,3%, автомобильдерге – 0,9%, тоқыма бұйымдарына – 0,8%, құрылыс материалдарына – 0,5%, киім және аяқ киімге 0,4% құрады. Дизель отыны – 3,8%, тас көмір – 1,9%, ағаш – 1,2%, баллондағы сүйытылған газ 0,9% қымбаттады.

Баға деңгейі білім беру қызметтеріне – 6,3%, стоматологиялық қызметтеріне, моншаға бару 0,6%-дан жоғарылады. Тұрғын үйді жалға беру үшін төлем 2,1% өсті. Жолаушылардың әуе көлігінің қызметтері 9,5% арзандады.

Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласында тарифтер суық суға 0,6% төмендеді.

 01102021-1к

Инфляция деңгейін сипаттайтын тұтыну бағасының индексі халықтың жеке тұтыну үшін сатып алатын тауарлары мен қызметтері бағасының өзгеруін көрсетеді. Тауарлар мен қызметтер жиынтығына 508 позиция кіреді. Бағаны тіркеу меншіктің түрлі нысандарындағы сауда және қызмет көрсету саласы кәсіпорындарының іріктеме жүйесі бойынша барлық облыс орталықтарында, астанада және қалалар мен аудан орталықтарының белгіленген шеңбері бойынша жүргізіледі. Біріктіру үшін пайдаланылатын салмақ жүйесі олардың шығыстары бөлігінде өткен жылғы үй шаруашылықтарын зерттеу материалдары негізінде есептеледі.

2021 жылғы қаңтардан бастап ТБИ–ді есептегенде азық–түлік тауарларының үлесі – 39,1%, азық–түлік емес тауарлар – 29,6%, ақылы қызметтер 31,3% құрады.

 

Дереккөз: Ұлттық статистика агенттігі

1398 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз