Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Таным
  • 08 Қазан, 2021

Кембридже «Ұлы дала алтыны»көрмесі ашылды

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Кембридж университетінің Фицуильям мұражайында «Ұлы дала алтыны» көрмесі ашылып, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғалымдары тапқан экспонаттар қойылды. 

Оған белгілі археолог-ғалымдар, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессорлары Әбдеш Төлеубаев пен Зайнолла Самашевтың қазба жұмысы нәтижелерінде табылған Шығыс Қазақстан облысындағы ежелгі сақ қорғандарының алтын артефактілері қойылды. Ұлыбритания жұртшылығы біздің дәуірімізге дейінгі VIII-III ғасырларда Орталық Азияда, атап айтқанда Қазақстанның Алтай тау жүйесінде үстемдік еткен скиф өркениетінің жәдігерлері, сақ қорғандарынан табылған құнды дүниелерін тамашалау мүмкіндігіне ие болды. Көрмеде Берел, Шілікті және Елеке Сазы сияқты үш түрлі қорымнан шыққан жүзге жуық археологиялық олжа қойылған. Экспозиция ежелгі сақтардың көшпелі мал шаруашылығы, тау-кен өндірісі және металлургия салаларында бірегей мәдениеті мен терең білімі болғанын көрсетеді. Бұл кезеңді ежелгі қазақтар тарихындағы «алтын ғасыр» деп те атайды. Киімі 15 000 алтын заттан тұратын «алтын адамның» қалдығы, экспозицияға қойылған ең бағалы экспонаттардың бірі. «Ұлыбританияға және әлбетте бүкіл әлемге Қазақстанның ежелгі мәдениетін танытуға арналған ерекше мүмкіндік. 

Экспозиция Фицуильям мұражайында келер жылдың 30-қаңтарына дейін өтеді.  

509 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз