Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Шартарап
  • 09 Қазан, 2021

Қазақстан шетелдік инвестиция тартудан көш басында

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин ұлттық инвестициялық стратегияны іске асыру туралы айтып берді.

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Назарбаев 2017 жылғы Қазақстан халқына Жолдауында Қазақстан экономикасына шетелдік инвестицияларды тартудың және өңірдегі инвестициялар ағыны бойынша көшбасшылықты сақтаудың ерекше маңыздылығын атап өтті.

Үкімет Жолдауда айтылған міндеттерді іске асыру мақсатында Дүниежүзілік банкпен бірлесіп, 2018-2022 жылдарға арналған Ұлттық инвестициялық стратегияны әзірледі. Стратегия аясында 5 негізгі нысаналы көрсеткіш және оларға қол жеткізуге арналған 70 шара айқындалды, олардың 50-і орындалды, 20-сы ұзақ мерзімді және олар 2022 жылға қарай орындалады», - деп жазды Асқар Мамин депутаттық сауалға берген жауабында.

Үкімет басшысының айтуынша, қазіргі уақытта стратегияда көрсетілген 5 көрсеткіштің төртеуі 2016 жылдың деңгейіне жетті:

1) экономиканың шикізаттық емес секторының негізгі капиталына инвестициялар көлемі (2018 ж. – 141,9 %, 2019 ж. – 145 %, 2020 ж. – 156,4%);

2) экономиканың шикізаттық емес секторының негізгі капиталына сыртқы инвестициялар көлемі (2018 ж. – 132,1 %, 2019 ж. – 158,5 %, 2020 ж. – 138%);

3) тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы ағыны (ТШИ) (2018 ж. – 113,6 %, 2019 ж. – 113,9%);

4) жалпы тікелей шетелдік инвестиция көлемінің ЖІӨ-ге арақатынасы (2018 ж. – 17,7 %, 2019 ж. - 17,7%).

«Пандемиядан туындаған әлемдік дағдарыс нәтижесінде тікелей шетелдік инвестиция ағынының әлем бойынша орта есеппен 35%-ға ($500 млрд) төмендеуі орын алды. Әсіресе, дағдарыс өтпелі экономикасы бар елдерге жағымсыз әсер етті, яғни 58%-ға төмендеді. Сонымен қатар, Қазақстанда жалпы тікелей шетелдік инвестициялар 30%-ға кеміді. Бұл ретте UNCTAD-тың әлемдік инвестициялар туралы есебіне (2021 жылғы шілде) сәйкес, Қазақстан Орталық Азияның локомотиві – ТМД елдері мен теңізге шыға алмайтын елдер арасында таза тікелей шетелдік инвестициялар (ТШИ) ағынының, сондай-ақ өтпелі экономикалардың өсуі бойынша көшбасшы болып отыр»,- деп атап өтті Премьер-Министр.

Сонымен бірге, Үкімет таза ТШИ жаңа өндірістерді ашуға, патенттер сатып алуға, кәсіпорындардың қолданыстағы капиталын кеңейтуге және жаңғыртуға инвестициялар есебінен қалыптасатынын хабарлады. ТШИ жалпы ағыны барлық амортизациялық аударымдарды да көрсетеді.

985 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз