Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 11 Қазан, 2021

ШҚО: Полиция 42 рұқсат етілмеген қоқыс орнын анықтады

Шығыс Қазақстан облысында полиция қызметкерлері 42 рұқсат етілмеген қоқыс орнын анықтады.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 30 қыркүйектен бастап қазан айының соңына дейін тәртіп сақшылары белгіленбеген жерлерде қоқыс пен құрылыс қалдықтарын тастау фактілерін анықтау және жолын кесу бойынша айлық жүргізуде.

Соның аясында жергілікті атқарушы орган өкілдері, экобелсенділер, экологиялық және қоғамдық ұйымдар мүшелерінен мобильді топтар құрылған. «10 күн ішінде өңір аумағында 42 рұқсат етілмеген қоқыс орны анықталды. Солар бойынша жергілікті атқарушы органдарға ескертулер берілді. Нәтижесінде, бүгінде 8 қоқыс орны жойылған», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Сондай-ақ полицейлер қоқыс тастағаны, саябақтарды, скверлерді ластағаны үшін ӘҚБтК-нің 434-бабына сәйкес 54 адамды әкімшілік жауапқа тартты. 128 азаматқа абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін жалпы сомасы 298 993 теңге мөлшерінде айыппұл салынды.

595 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз